Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

    kyzylorda-news.kz  Тоқты
Бүгін барлық ойыңыз жүзеге аса бастайды. Құдды, қолыңызда «сиқырлы» таяқшасы бар адам ретінде сезінесіз. Сәттілік серігіңізге айналады.

Торпақ
Сізбен жақын танысқысы келген жаннан бас тартпаңыз. Сырттай ұнатып жүрген жанмен танысып, білісіңіз. Мүмкін ол сіздің өмірлік серігіңізге айналар.

Егіздер
Жұмысқа немесе бизнеске қатысты қызықты ұсыныстар түсуі мүмкін. Ең алдымен жақындарыңызбен, отбасыңызбен ақылдасып алыңыз.

Шаян
Бүгін барлық жұмысты адалынан орындайсыз. Егер екінші жартыңызды іздеп жүрген болсаңыз, бүгінгі күніңіз сіз үшін қиын күн болмақ.

Арыстан
Бүгін әлдекімнің өміріне араласып, оның өмір сүру салтына қызыға қарайсыз. Бірақ шектен шығып, өзгенің меншігіне бас сұқпаңыз.

Бикеш
Өзгенің жетістігіне сіз де қуана біліңіз. Айналаңыздағы жандардың атқарып жатқан жұмысына қарап, сіз де жетістікке жетуге талпыныңыз. Сіздің қолыңыздан келері анық.

Таразы
Бүгін өмір сүру салтыңызды күрт өзгертесіз. Тіпті жұмысыңызды да ауыстырып, басқа салада өзіңізді сынап көргіңіз келеді.
Сарышаян
Бүгінгі күніңіз тосынсыйға толы. Бұл тосынсый қаржымен тікелей байланысты болмақ.

Мерген
Бүгінгі күніңіз сәтті болады. Барлық ісіңіз алға басып, жұмысыңыз жандана түседі. Әріптестеріңіздің алдында абыройыңыз артады.

Тауешкі
Бүгінгі күн сіз үшін қарбалас болмақ. Шешілмеген мәселелер көбейеді. Болашаққа жоспар құрасыз. Қолыңыздан барлығы келетініне сеніңіз.

Суқұйғыш
Идеяларыңызды өзгелерге беріп қарап отырмаңыз. Тың ойларыңызды басшылыққа өзіңіз ұсынып, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Балықтар
Бүгін жаңа әріптесіңізге немесе өзіңізден кіші жанға көмегіңіз қажет болады. Өз шаруаларыңызды кейінге қалдырып, басқаларға көмек қолын созыңыз.
11 қараша 2019 ж. 571 0