Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕСІКТІ НЕГЕ ҚАТТЫ ЖАБУҒА БОЛМАЙДЫ?

ЕСІКТІ НЕГЕ ҚАТТЫ ЖАБУҒА БОЛМАЙДЫ?

reactor.inform.kz Жәнібек батыр он үш жасқа келгенде ұлы жүзде Қараби деген аузы дуалы, өзі білімді би бар деген даңқын естіп, содан барып бата алуға жолға шығады.
— Шырағым, кімнің ұлысың? - дейді Қараби.
— Қошқарұлы Жәнібекпін, сізден бата алайын және өсиет боларлық өз аузыңыздан сөз естиін деп келіп едім, - дейді Жәнібек.
Сонда Қараби:
Бедері жоқ қамқадан,
Берік тоқылған бөз артық.
Берекеті жоқ ағайыннан,
Берік сөйлескен жат артық.
Қайтып кірер есікті
Қатты серпіп жаппағайсың.
Қайтып көрер досыңа
Қайрылмастай сөз айтпағайсың.
Осыны есіңе ала жүрсең, ешкімнен
Кем де, қор да болмайсың, - деген екен.
16 қараша 2019 ж. 1 417 0