Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ержан Максим "Балалар Еуровидениесінде" 2-ші орынды иеленді (видео)

Ержан Максим "Балалар Еуровидениесінде" 2-ші орынды иеленді (видео)

"Балалар Еуровидениесінде" өнер көрсеткен қазақстандық әнші Ержан Максим 2-ші орынды жеңіп алды, деп жазады stan.kz  ақпарат агенттігі.

Junior Eurovision Song Contest байқауы тікелей эфирде жексенбі күні "Хабар" телеарнасында көрсетілді. "Голос. Дети" байқауында топ жарып, осы байқауда да  өнер сүйер қауымды әдемі дауысымен тамсандырған Ержан Максим байқауда 10-шы болып  "Арманнан қалма" әнімен өнер көрсетті. 
"Арманнан қалма" әнінің сөзін Хамит Шангалиев, Данияр Алдаберген және Тимур Балымбетов жазды. Ержан Максим әнді ағылшын және қазақ тілдерінде орындады.

Қазақстанға 12 баллды Грузия, Беларусь, Уэльс, Украина, Польша, Нидерланды және Сербия берді. Ержан Максим әділқазылардың шешімімен, дауыс беруімен бірінші орынды иеленіп келе жатқан еді. Бірақ онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Польша Қазақстанды басып озды. Осылайша Ержан Максим "Балалар Еуровидениесінде" екінші орынды иеленді. Бірінші орынды Польшадан шыққан әнші Виктория Габор Superhero әнімен жеңіп алды. Былтыр да Польшаның әншісі Роксана Венгель байқауда жеңіске жеткен еді. Үшінші және төртінші орын Испания мен Нидерландының әншілеріне бұйырды.
25 қараша 2019 ж. 625 0