Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зорлық-зомбылық азая ма?

Қазақстанда зорлық-зомбылық азая ма?

Қазақстанда 10 айдың ішінде 2 мыңға жуық адам зорлау оқиғасы бойынша шағымданған деп хабарлайды aikyn.kz.
Телеарнаның хабарлауынша, бұл мәселе Талдықорғанда әйелдер мен балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алуға арналған республикалық конференцияда талқыланды. Биыл 10 айдың ішінде 2 мыңға жуық адам зорлау оқиғасы бойынша шағым айтқан. Мамандар бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 400 дерекке кем.
Олардың болжамынша, Парламенттің қаралып жатқан сексуалдық тұрғыдағы зорлық жасаушыларға қолданылатын жазаны қатаңдату туралы заң жобасы қабылданса, бұл көрсеткіш барынша азаяды.
Зорлық-зомбылық жасағандар қазіргідей әкімшілік жазамен құтылып кетпейді. Күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тартады. 
27 қараша 2019 ж. 1 063 0