Не үшін өмір сүріп жүрмін?

2. Жақсы отбасын құру. Əрине, бұл - қай қыздың болса да қиялының қырында қол бұлғап жатқан асыл арманы ғой. Бір үйдің тұтқасына айналудың өзі - əйел бақытының бір бөлшегі емес пе?!
3. Үмітті ақтау. Сен үшін күні-түні аянбай еңбек етіп жүрген ата-анаңның, рухани күш беріп, сенім артқан бауырларың мен достарыңның, ұстаздарыңның үмітін ақтап, расында да мықты екеніңді дәлелдеу үшін өмір сүрудің өзі керемет қой.
4. Өз атымды өшпестей етіп қалдыру. Мына өмірге келген соң құр жүрмеу керек. Тəңірдің берген талантына қарай еңбек ету арқылы, өз есіміңді тарихта ірі əріптермен қалдыру да мендік армандардың бірі. "Үлкен адам болу үшін ғаламда - үлкен арман керек екен адамға!" - деген сөз бар емес пе? Алып тұлғаға айналу үшін мен де армандай берейін. Міне, менің өмірге деген құлшынысымды арттыратын дүниелер - осылар. Ал сіз не үшін өмір сүресіз?