Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

     kyzylorda-news.kz  Тоқты
Өзіңізге демалыс жариялаңыз. Күш-қуатыңызды арттырып, өткен күндеріңізге есеп беріңіз. Таза ауада көп жүріңіз. 

Торпақ
Ақша жұмсауда «жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз» жөн. Өзіңізге сенімді болыңыз. Туыстарыңыздың сізге деген махаббаты бар жамандықтан қорғайды. 

Егіздер
Барлық ісіңіз өз ретімен орындалмай, қарбаласып қалады. Бос әңгімеге, сондай-ақ теледидар қарауға уақыт кетірмеңіз. 

Шаян
Бүгін ең алдымен отбасылық мәселені ретке келітіріңіз. Олармен бірге қыдырыңыз. Бірақ біраз шығынға ұшырауыңыз мүмкін. 

Арыстан
Ешкімнің ақылына мұқтаж емессіз. Сондықтан ақыл-кеңеске құлақ түрудің қажеті жоқ. Керісінше өз дегеніңізбен жүріңіз. 

Бикеш
Жарақат алу қаупі бар. Жүйке жүйеңізді сақтаңыз. Әйтпесе, болып жатқан оқиғалар сіздің жүйкеңізге тиіп, сырқаттанып қалуыңыз мүмкін. 

Таразы
Жоспарлаған істі аяқтау үшін өз ойыңыздан қайтпаңыз. Біраз шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Дегенмен жұмсаған қаржыңыз текке кетпейді. 

Сарышаян
Табысыңыз артып, қаражат мәселесі оң шешімін табады. Дегенмен ақша жұмсауда абай болыңыз. Көп шығындалып қалмаңыз. 

Мерген
Қарбалас күн. Барлық мәселе еңсеңізді басып тұрады. Бос әңгімелерге уақыт жоғалтпаңыз. Сондай-ақ жақындарыңызды көңіліне қарап сөйлеңіз. 

Тауешкі
Күніңіз сәтті өтеді. Жаңа іс бастайсыз. Өмірге жаңаша көзқараспен қарайсыз. Алға қоған жоспар көп, оларды орындауға ынтаңыз да жоғары. 

Суқұйғыш
Жаныңызға жақын іспен айналысқанда жағымсыз бір қасиеттен арылатын боласыз. Бұл бүгінгі күннің басты жеңісі болмақ. 

Балықтар
Шығармашылығыңызды шыңдайтын күн. Бойыңызда жасырынып жатқан талантыңызды көпшілікке танытатын кез келді.
27 желтоқсан 2019 ж. 472 0