Ұлттық аза тұту: Еліміздегі ең үлкен ту төмен түсірілді
Алматыдағы ұшақ апаты: Ұлттық аза тұту күніне байланысты Қазақстандағы ең үлкен мемлекеттік ту төмен түсірілді деп хабарлайды kaz.nur.kz.
Аза тұту күні еліміздің оңтүстік астанасында болған жантүршігерлік қайғылы оқиғаға байланысты жарияланды.
Осыған байланысты елорданың орталығында ілулі тұрған Қазақстанның ең үлкен туы түсірілді. Сурет Facebook-те жарияланды.
Айта кетерлігі, бұл ту он жыл бұрын ілінген. Оның ауданы 450 шаршы метрден кем емес және салмағы жүз келіге жуық.
Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.
Апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен диспетчердің сөйлескен жазбасы жарияланды.
Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Роман Склярдың және бірнеше жауапты тұлғаның қатысуымен болған баспасөз брифингінде ұшақ апатының болжалды екі себебі айтылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.