Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұшақ апаты кезінде жүкті әйелді құтқарған жігіт кім?

Ұшақ апаты кезінде жүкті әйелді құтқарған жігіт кім?

qaa.kz 5 айлық балаға жүкті Гүлім Акишеваның отбасы лайнердің ішінде әйелді өзінің денесімен жауып, оның аман қалуына себепші болған, сонымен қатар эвакуциялау кезінде жүкті әйелге көмектескен Темірлан Қадауовқа алғысын білдірді.

Bek Air бортында Гүлім Акишева  мен Темірлан Қадауов бірге орналасқан орындықтарға отырған.

«Біздің Темірлан есімді батырымыз апат кезінде өзінің денесімен Гүлімді жауып, содан кейін оның аман-есен сыртқа шығуына көмектескен. Мұнымен қоймай ол басқа аман қалған жолаушыларды құтқарушылар келмей жатып дереу шығара бастаған. Темірлан жарақаттарына қарамастан, өзінің жігері мен батылдығын жоғалтпайтын нағыз ер азамат екендігін көрсетті. Біз Гүлімнің жақындары атынан Темірлан мен оны осылай тәрбиелеп өсірген ата-анасына шексіз алғысымызды айтамыз», — деп жазыпты Гүлімнің туыстары. 
29 желтоқсан 2019 ж. 620 0