Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада жаңа жылдық безендірулерді қиратқан бұзақылар ұсталды

Қызылордада жаңа жылдық безендірулерді қиратқан бұзақылар ұсталды

  kyzylorda-news.kz Қызылордада полиция жаңа жылдық безендіруді қиратқан бұзақыларды оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға кеше таңғы сағат 06.45-тер шамасында болған. 20-26 жас аралығындағы үш қызылордалық жеңіл автокөлікпен облыс орталығындағы Орталық алаңға барған. Жігіттер Жаңа жылдық шырша маңында безендірілген үйшікті сындырып тастаған.
«Полиция жасағы оқиға орнында 3 бұзақыны ұстады. Олар мінген автокөлік айып тұрағына қойылды. Қоғамдық тәртіпке қарсы жасалған әрекет үшін ұсталған азаматтар тиісті жазасын алатын болады. Өз кезегінде жас жігіттер әрекеттеріне өкінетінін айтып, кешірім сұрады», - деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


31 желтоқсан 2019 ж. 546 0