Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана билігі тұрғындарды сақ болуға шақырды

Астана билігі тұрғындарды сақ болуға шақырды

Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
АСТАНА, 25 наурыз – Sputnik. Аcтанада ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық қызметтердің барлығы күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты
Астана қаласының әр ауданында құм шашыратқыштар, автогрейдерлер, жүктиегіштер, мотопомпалар сынды арнайы техника жұмыс істеп жатыр.Мәселен, 25 наурызда тасқын сулармен күрес жұмыстарына "Алматы" ауданының 244, "Есіл" ауданының 318 және "Сарыарқа" ауданының 215 техникасы шықты. Санитарлы тазалау шараларына "Алматы" ауданында 455, "Есіл" ауданында 705 және "Сарыарқа" ауданында 584 жұмысшы тартылды.
Астана қаласының билігі елорда тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін барынша сақтауға шақырады.
Көлікті басқару кезінде жылдамдық режимі мен тиісті ара қашықтықты сақтап, кенеттен маневр жасамауға тырысу қажет.
Жаяу жүргіншілер де жолда абай болулары шарт. Олар жолдың жүргін бөлігін тек жаяу жүргіншілер өтпелі арқылы өтуі керек. Қала жолдарында арнайы техника жұмыс істеп жатқандықтан, мұнда көліктерді өткізу деңгейі біршама төмендеуі мүмкін. Осыған орай, өз көлігіңіздің қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алу қажет. 

Read more: https://sputniknews.kz/society/20180325/5031749.html

25 наурыз 2018 ж. 1 058 0