Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

12 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

   kyzylorda-news.kz Тоқты
Қиын күн. Әсіресе, саудагерлер және жолға шыққан адамдар үшін сәтсіз күн болмақ. Мүмкіндігіңіздің аз екенін байқайсыз.

Торпақ
Жұмысқа қатысты өзгерістер болмайды. Жаңа әдістер мәселе туындатып, шығынға ұшыратады. Ең дұрысы, үйреншікті іспен айналысыңыз.

Егіздер
Денсаулығыңызды күтіңіз. Өзіңізге күш түсіретін іспен айналыспаңыз. Әйтпесе бүйрегіңізге зақым келтіріп аласыз.

Шаян
Күніңіз қарбалас өтсе де, сәтті болады. Тек жолда жүргенде сақ болыңыз. Себебі жарақат алу қаупі бар.

Арыстан
Бүгін романтикалық күн кештің иесі боласыз. Бүгін өз махаббатыңызды жолықтырасыз. Бақыттыңызды бағалай біліңіз.

Бикеш
Мазасыз күн. Күш-қуатыңызды қайта қалпына келтіру үшін біраз уақыт керек. Спортпен айналысыңыз. Зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстаңыз.

Таразы
Маңызды сұрақтарға жауап тапқыңыз келеді. Біраз шаруаны тындыруға болар еді. Бірақ жалқаулық басып тұр.

Сарышаян
Бүгін жалғыз қалмауға тырысыңыз. Себебі қорқынышты ойлар келіп, үрей бойыңызды билеп алады. Ең дұрысы, достармен кездесіңіз.

Мерген
Бір басыңызға жетерлік мәселе бар. Олардың барлығын жалғыз өзіңіз шешетін боласыз. Бүгіннен бастап спортпен айналысыңыз.

Тауешкі
Бүгін ешкімнен қарыз алмаңыз. Әсіресе туысқандардан қарыз сұрамаңыз. Сондай-ақ бүгін жақындармен қарым-қатынастарды нығайтатын күн.

Суқұйғыш
Денсаулығыңыз сыр беріп жүр. Ұйқыңыз да тыныш емес. Бұған себеп, орын алып жатқан мәселелер мен зиянды әдеттер болуы мүмкін.

Балықтар
Ешкімге сенбеңіз. Тіпті таныстарыңызға да сенім артуға болмайды. Сіздің ақкөңілдігіңізді пайдаланатындар болады.

Аударған Динара МАХАНОВА
12 қаңтар 2020 ж. 952 0