Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

14 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.

    kyzylorda-news.kz Тоқты
Бүгін сізге берілген тапсырмалар өте қарапайым, сондықтан оларды орындауда еш қиындық жоқ. Мақсатқа жетуде ештеңені қиындатпай, барлығын дер кезінде орындай аласыз.

Торпақ
Жұмысқа қатысты бірнеше ұсыныс түседі. Бірақ олардың барлығы пайдалы емес. Егер сақтық танытып, барлығын бағдарлайтын болсаңыз, таңдау жасауда қателік жасамайсыз.

Егіздер
Табысқа жету үшін табандылық қажет. Сонымен қатар бүгін ешқандай мәселе орын алмайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз. Айналаңыздағы адамдарды ақыл-кеңесін тыңдамаңыз.

Шаян
Алға қойған мақсатыңызға, армандарыңызды орындауға бір табан жақындайсыз. Бүгін жұмысқа қатысты біршама сұрақтарды талқылауға болады. Түстен кейінгі уақытта өзіңізді шаршатпаңыз.

Арыстан
Бүгін көптен бері мазаңызды алып жүрген шаруаларды біржақты етесіз. Орын алған мәселелерге еш алаңдамайсыз. Өйткені олардың барлығын қалай шешу керектігін білесіз.

Бикеш
Өз ісіңізді тиянақтай білесіз. Сонымен қатар өзгелердің де шаруасын тындырасыз. Шығармашылығыңыз аздап тоқырауға ұшырайды. Бұл жағдайда достарыңыз немесе ескі таныстарыңыз ақыл қосады.

Таразы
Өзекті мәселеге жолығасыз. Өзгелердің жағдайын енді түсінетін боласыз. Өзіңізге келгенде шаруаны тиянақты тындыру қолдан келмейді. Көп уақытыңыз күмән келтірумен өтеді.

Сарышаян
Жемісті күн. Көптен бері шешімі табылмай жүрген мәселені соңына дейін жеткізіп, араңыздан жүк түскендей әсерде боласыз. Сондай-ақ бүгін сізге біреу ғашық болады.

Мерген
Түрлі тақырыпта сөз қозғайтын ортада боласыз. Әңгіме-дүкен құрып, жаңа таныстар табасыз. Не болмаса бүгін өзіңіз кездесу ұйымдастырып, көпшіліктің ризашылығын алатын боласыз.

Тауешкі
Көп ойдан аралып, тек маңызды деген істерді ойлаңыз. Қиын тапсырмаларды орындауға, соңғы уақытта тығырыққа тіреген сауалдарға жауап табуға болады. Ешкіге ашылып сыр айтпаңыз.

Суқұйғыш
Кездесуге баруға, жаңа таныстар табуға қолайлы күн. Көп адамдар сізбен кездесуге, сөйлесуге асығады. Өзіңізге ұнайтын адамдармен кездесіңіз. Бұрын сізді ренжіткен жандар да кешірім сұрағысы келеді.

Балықтар
Керемет күн. Мәселелер туындағанымен оларды тез арада шеше аласыз. Олардың маңызды мәселеге айналуына жол бермейсіз. Бұл ісіңіз басшылықтың назарында болатынын ұмытпаңыз.


Аударған Динара МАХАНОВА
14 қаңтар 2020 ж. 924 0