Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 17 қаңтарға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Керемет күн. Өміріңіз жақсы арнаға қарай бұрылады. Барлығы өз қолыңызда, сондықтан тез шешім қабылдағаныңыз жөн.
Торпақ
Сіздің көзқарасыңызға ылғи күмән келтіретін жандар бүгін сөзіңізге сенетін болады. Тек сеніп қана қоймай өзгелерді де сендіретін болады.
Егіздер
Жұмысқа қатысты кездесулер жоғары деңгейде өтеді. Жұмыс, қажы жағдайы оң шешіледі. Түстен кейін жолға шығасыз.
Шаян
Күніңіз сәтті басталады. Жұмысты жақсы игеріп, қиын жағдайға душар болған жандарға көмек көрсетесіз.
Арыстан
Өзіңіз көздеген, нәтиже шығады деп үміттенген жобамен айналысасыз. Жұмысқа бар ынтаңызды салыңыз, сонда ғана мол табысқа кенелесіз.
Бикеш
Күніңіз сәтті басталады. Жұмысқа белсенділігіңіз артады. Жақындарыңызға маңызды сауалдарға бірге отырып жауап табасыз.
Таразы
Барлығы ойдағыдай болады. Бірақ сіздің көңіліңіз еш тоймайды. Қазіргі жағдайды ғана ойлаңыз. Болашақ туралы ойды кейінге қалдырыңыз.
Сарышаян
Ешкімге сенім артпаңыз. Айналаңыздағы адамдар сізді өз жолыңыздан адастыруы мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз.
Мерген
Тек өзіңізге сеніңіз. Ешкімнің арбауына түсіп қалмаңыз. Қызықты ұсыныстар жасап, сізді «қақпанға» түсіретіндер болады.
Тауешкі
Тез қимылдап үйреніңіз. Тез арада шешім қабылдау қажет жұмыстардың өзін атқаруда аздап қиналасыз.
Суқұйғыш
Уайымға салынбаңыз. Сонда ғана күніңіз сәтті өтеді. Ұсақ-түйек мәселені жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз.
Балықтар
Маңызды шаруаларды кейінге қалдырыңыз. Оларды дәл қазір орындау сіз үшін қиынға соғады. Бүгін өткен күннің қателіктерін түзеңіз.
Аударған Динара МАХАНОВА
17 қаңтар 2020 ж. 491 0