Әл-Фараби және оның рухани мұрасы

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры » мақаласы негізінде бүгінде Отырар шаһары тарихи археологиялық ерекше қорғалатын тарихи аймақтар қатарына ілікті. Археологтардың тынымсыз ізденісі мен ғылыми жаңалықтарының негізінде бүгінде 24 мыңнан астам экспонат табылған. Оның кітапханасы дүние жүзіндегі кітапқа бай орын болып табылады. Әл- Фараби алғашқы білімін өз туған шаһарынан бастау алғаны заңдылық .
Кемеңгердің әрбір даналық сөздері тұтастай білім мен тәрбие, ғылым жолына негізделгендігі ерекше әсер қалдырады. Ұлы ойшылдың «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу », «Ғылымды үйренем деген адамның ақыл ойы айқын, ерік жігері , тілек мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт » деген ұлы насихаттарын оқисың, көңілге тоқисың . Ұлы бастаманы ұлықтау, дала данышпандары Әл- Фараби мен Абайдың мол мұрасын, азаматтық болмысын өз оқырманына насихаттап, рухани кемелденуіне жол ашу- баршамыздың ортақ парызымыз .Кітапхананың негізгі мақсаты осынау толымды үдерістің негізгі міндетінен шыға білу.
Шалманова Гүлнұр,
Орталық кітапхана қызметкері.