Қазақстандағы таусылуға аз қалған қазба байлықтың мөлшері айтылды

Бұл туралы брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов айтты. «2,3 мың тонна алтын, 35,6 миллион полиметалл, 500 мың тонна сирек кездесетін металл: қалайы, вольфрам бар», – деді Санжар Жаркешов. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше кен орнын ашуға мүмкіндік бар екенін де атап өтті. Еске сала кетсек, осыған дейін Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанның қазба байлықтары таусылуға таяу екенін айтқан болатын.