Қазақстанда алтын қоры бойынша қай облыс алда тұр?
Қазақстанда алтын кен орындарын барлау мен іздестіруге 800 млрд теңгеден астам қаржы инвестицияланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
«2013-2017 жылдар аралығында инвестициялардың жалпы көлемі 846,2 млрд теңгені құрады, соның ішінде геологиялық барлауға 51,4 млрд теңге бөлінді», — деп хабарлады ведомстводан.
Осы кезеңде қаржыландыру екі есеге өсіп, 2017 жылдың қорытындысы бойынша 254,7 млн теңгені құрады. Атап айтқанда, барлауға 14,6 млн теңге жұмсалды.
«Бұл көрсеткіштің 89%-ы мына компанияларға тиесілі «Алтынтау Көкшетау» (2017 жылға қарай жер қойнауын пайдаланғаны үшін 23%), «Бақыршық КӨК» (19%), «Қазақалтын КБК» (14%), «Алел» (10%), «Алтыналмас» (7%), «Варваринское» (5%), «Комаровский тау-кен кәсіпорны» (4%), «RG Gold» (3%), «ALTYNEX» (2%), «Горняк» 2%)», — деді ИИДМ.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 349 алтын кен орны мемлекеттік баланста тұр. Бағалы металдың баланстық қоры 2394,6 тоннаны құрайды.
Облыстар бойынша алтын қорлары: Шығыс Қазақстан – 867,6 тонна, Ақмола – 492,3 тонна, Қарағанды – 270,3 тонна, Қостанай – 212,6 тонна, Павлодар – 202,5 тонна, Жамбыл – 142,7 тонна, Ақтөбе – 137,6 тонна, Алматы – 55,3 тонна, Түркістан – 8,7 тонна, Қызылорда – 2,9 тонна, Солтүстік Қазақстан – 2,1 тонна.
7kun.kz