Пойыз билеттерінің бағасы өсті
kyzylorda-news.kz Облысаралық пойыз билеттерінің бағасы өсті. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2020 жылғы 24 ақпандағы №27-27-9/559 хаты негізінде 2020 жылғы 5 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша қатынайтын «Жолаушылар тасымалы» АҚ құрастырған барлық пойыздың тарифін 7 %-ға өсіру келісілді», – делінген хабарламада.