Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы пирамидаларының шуы: Тоқаев қаржы ұйымдарының жұмысын мұқият тексеру туралы тапсырма берді

Қаржы пирамидаларының шуы: Тоқаев қаржы ұйымдарының жұмысын мұқият тексеру туралы тапсырма берді

Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторингтейтін мемлекеттік органдар басшыларына тапсырма берді, деп хабарлайды stan.kz  ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақорда сайтында жарияланды. 
Жиында ел азаматтарына айтарлықтай материалдық шығын келтірген қаржы-несие ұйымдарының заңсыз қызметіне тосқауыл қоюға байланысты мәселе қарастырылды.  
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда наразылық тудырған жағдайды егжей-тегжейлі тексеруді, азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қабылдауды және кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Мемлекет басшысы болашақта мұндай жағдайға жол бермеу керектігін және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.   
Сонымен қатар кеңесте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден ұлттық заңнамаларды бұза отырып әкелінген автокөліктерді тіркеу мәселесі де талқыланды.
Президент Үкіметке Қазақстанның заңнамаларын, мемлекеттік бюджеттің де, автокөлік иелерінің де мүдделерін ескере отырып, аталған проблеманы шешу нұсқаларын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

27 ақпан 2020 ж. 419 0