Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда: Кәсіпкерлер палатасы сервистік дайындау ұйымдары мен қабылдау пункттерін дамытпақ

Қызылорда: Кәсіпкерлер палатасы сервистік дайындау ұйымдары мен қабылдау пункттерін дамытпақ

Egemen.kz Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов өңірдегі бизнес-қауымдастық алдында берген есебінде айтты. Өңір климаты бақша дақылдарын, жеміс-жидекті көптеп егуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Сыр топырағы жылыжай өндірісін дамытуға да қолайлы. Дария бойындағы елге аяқсу жетіп тұр, арнадан алыс орналасқан ауылдағылар жер асты суын пайдалана алады. Биыл палата пилоттық негізде қолда бар өнімдерді консервілейтін шағын цехтарды, өнімдерді бірлесіп өткізу сервистік дайындау ұйымдары мен қабылдау пунктерін жетілдіреді, - деді палата директоры.
Ғалымбек Жақсылықов өңірде өндірілетін өнімдерді жинап, өңдеу мақсатында палата тарапынан бизнес жоспарлар әзірленіп, пилоттық негізде жүзеге асыру басталып кеткендігін жеткізді.
Облыста қазір түйе сүтіне деген сұраныс артып отыр. Оған басты себеп – сүт қабылдау пункттерінің ашылуында. Қазір түйесі бар шаруалар түлік санын көбейтуге көшкен. Бұған дейін литріне 700-800 теңге болған түйе сүті енді көтерме бағада 1000 теңгеден саудаланып жатыр. Осыған байланысты сауын түйе құны 550 мыңнан 1 млн теңгеге дейін көтерілген.
02 наурыз 2020 ж. 635 0