Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 наурызда көбінесе қандай сыйлықтар тарту етіледі

8 наурызда көбінесе қандай сыйлықтар тарту етіледі

Сарапшылар Халықаралық әйелдер күнінде көбінесе қандай сыйлықтар сыйланатынын айтты. Мамандардың айтуынша, ең танымал сыйлықтар қатарында гүлдер көш бастап тұр. Одан кейін тәттілер мен шоколад жиі сыйланады. Үшінші орында – парфюмерия мен косметика. Сонымен қатар 8 наурызда берілетін танымал сыйлықтар қатарына гаджеттер мен аксессуарлар, галантерея кіреді. Алтыншы орында кинотеатрға, театрға немесе мейрамханаға бару, жетінші орында сыйлық сертификаттары тұр. Сондай-ақ қыз-келіншектерге көбінесе ыдыс-аяқтар мен ұсақ тұрмыстық техникалар сыйға тартылады. Танымал сыйлықтар рейтингінде оныншы орында спорт жабдықтары мен хоббиге арналған құралдар тұр.
https://24.kz/
04 наурыз 2020 ж. 937 0