Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 9 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

9 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Kyzylorda-news.kz Халықаралық ди-джей күніХалықаралық ди-джей күні – бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар 2002 жылдан бастап маңызды қайырымдылық шараға айналды. Жыл сайын осы күні радиостанциялар, клубтар, ди-джейлер тапқан табысын дүниежүзі бойынша балалар үйіне аударады.
2001 жылы Қазақстан мен Ресей шекараны межелеуге кірісті. Кездесулер барысында қазақстандық және ресейлiк шекарашылар ұзақтығы 1896,5 шақырым жерді алып жатқан ресейлiк Астрахань, Волгоград, Саратов және Орынбор облыстарының мемлекеттiк шекарадан өту туралы жобалары топографиялық картаға келiсiп енгізілді.
2012 жылы Түркияда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы күндері өтті. Оны Ыстанбұлдағы қазақ-түрік қоры мен Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырды. Шара қауымдастықтың және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнауының 20 жылдығына орайластырылды. Аталған шараның Ыстанбұлда өтуі кездейсоқ емес, өйткені 1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ыстанбұлда қазақ диаспорасымен кездесуде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру туралы идея айтылған болатын
2017 жылы Берлинде 1905 жылы жазылып алынған қазақ музыкасы табылды. Құнды жәдігер саналатын алғашқы жазба коллекцияны Германия Қазақстанға сыйға тартты. Бұған дейін ең алғаш қазақ музыкасы 1925 жылы Францияда жазылды деп саналған. Алайда Германияда одан де ерте жазылған аудиотека сақталған. Музыканы неміс ғалымы Рихард Карутц фонографтардың көмегімен сақтап қалған.
2010 жылы Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығының қызметкерлері Әзілхан Нұршайықовтың (1922-2011) осыдан 60 жылдай бұрын майданнан жазылған бірегей хатын тапты.
Мұрағаттан хабарлағандай, өлеңмен жазылған хат «Майданнан жазылған хаттар» құжаттар топтамасынан табылып отыр. «Бірегей және құнды хатты біздің жерлесіміз, жазушы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықов 1944 жылы Беларусь майданында шайқасып жүрген жылдары Жарма аудандық газетіндегі әріптестеріне жолдаған. Өлеңмен жазылған хатын ол «Біз Берлинге барамыз!» деп атаған.
Аудандық газет қызметкерлері сақтауға тапсырған бұл құнды мұра кеңес дәуірінің тұсында ұзақ жылдар бойы Жарма аудандық мұрағатында сақталып келген, кейіннен ол Семейдің Жаңа тарихты құжаттандыру орталығына келіп түскен.
09 наурыз 2020 ж. 879 0