13 наурыз күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, кей уақытта 28 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Батыс, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, жел 15-20 м/с артады.
Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Күндіз Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с күшейеді.