Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 27 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Күніңіз сәтті басталмайды. Түске дейін жұмыста аздаған мәселе туындайды. Басшылықпен және әріптестермен кикілжіңге келесіз.
Торпақ
«Асыққан шайтанның ісі» дегенді естен шығармаңыз. Өз ісіңізге баға беріп, оқиғаларды бағамдай біліңіз. Сонда ғана дұрыс жолды таңдайсыз.
Егіздер
Түске дейінгі уақытыңыз сәтті өтеді. Жоспарларыңызды жүзеге асыруға асығыңыз. Шешім қабылдай білсеңіз, ісіңіз алға басады.
Шаян
Өте сақ болыңыз. Бұл уақытта қателікке бой алдыру оңай. Ұсақ-түйектің өзінен мәселе ушығып кетуі мүмкін.
Арыстан
Күніңіз қызыққа толы болмақ. Бала күнгі достарыңызбен кездесіп, бұрынғы шақтарды еске аласыз. Қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі.
Бикеш
Табысқа жету үшін шыдамдылық пен өз-өзіңізді бақылау  қажет. Барлығы сіз ойлағаннан әлдеқайда қиын болады.
Таразы
Сабырлы бола біліңіз. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін еңбек етуіңізге тура келеді. Өте сақ болыңыз.
Сарышаян
Ешқайда асығудың қажеті жоқ. Сондай-ақ ақылыңызды ашуға жеңдірмеңіз. Шыдымдылық сақтағаныңыз жөн.
Мерген
Жұмысқа қатысты мәселе туындауы мүмкін. Сондықтан күніңіз қарбаласқа толы болмақ. Әріптестермен және басшылықпен кикілжің орын алады.
Тауешкі
Жай күндердің бірі емес. Жан-дүниеңізді түсіне алмай әуре боласыз. Кейде ешкімді көргіңіз келмейтіні бар.
Суқұйғыш
Жұмыс жасауға қолайлы күн. Жетістікке жету оңай болады. Қызықты іспен айналысып, біліміңізді жетілдіресіз.
Балықтар
Маңызды шаруаларды бірінші кезекке қойыңыз. Түске дейінгі уақыт жемісті болмақ. Бүгін жиған тәжірибеңіз алдағы уақытта да қажет болады. 
27 наурыз 2020 ж. 344 0