30 наурыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаны туралы ноталар алмасу рәсімі болды.
1993 жылы Италияның «Экос» журналы Қазақстанға арналған санын шығарды. Басылым қазақ, орыс, итальян, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Онда Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың сұхбаты берілген.
2001 жылы «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы» құрылды. Қауымдастықтың негізгі міндеттерінің бірі – Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін түлектердің күш-жігерін, зияткерлігін, шығармашылығын және іскерлік әлеуетін біріктіру, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлуметтік және саяси прогресіне мүмкіндік беретін жасампаздық іс-шараларды өткізу.
«Болашақтықтардың» құқықтары мен қызығушылықтарын қорғауға, біртұтас шаңыраққа біріктіріп ұйымдастыруды Қауымдастық өзіне жауапкершілікке алды.
2010 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігі ашылды.
2017 жылы Норвегия Корольдігінің Қазақстандағы құрметті консулдығының ашылу рәсімі болды.