Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады
BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 31 наурызда ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда облысында дабылды ескерту жасады.
31 наурызда Қызылорда облысында шығыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде 15-20, кей жерде 23 м/с, күндіз кей жерде 15-20 м/с жел сақталады. Түнде кей жерде шаңды дауыл, күндіз кей жерде найзағай күтіледі, - делінген хабарламада.
Қызылорда қаласында 31 наурыз түнде шығыстан жел соғады, екпіні15-20 м/с сақталады. Күндіз найзағай күтіледі.
https://baq.kz/