Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

8 сәуір: Атаулы күндер мен оқиғалар

1999 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола облысының әкімдігі Астана қаласынан Көкшетауға көшірілді.
2005 жылы Алматыда Халықаралық экономика мектебі ашылды. Мектеп – Қазақстан-британ техникалық университетінің бір бөлігі.
2006 жылы Алматыдан Солтүстік белдеуге Қазақстанның алғашқы полярлық экспедициясы шықты.
2008 жылы Ақтөбеде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Ордвейдің қатысуымен республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың филиалында америкалықтардың бұрышы ашылды.
2010 жылы Атыраудағы «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу институтында жер қыртысы жағдайындағы кендік материалдарды зерттеуге арналған петрофизикалық зертхана іске қосылды. Бұл зертхана аймақтың жер қойнауын пайдаланушылары мұнайлы кен орындарының өнімді қыртыстарын, соның ішінде қазып алынған керндік материалды да тиісті зерттеулерін шұғыл әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей жабдықпен жарақтандырылған. Бұрын жер қыртысының өнімділігі деңгейін, мұнай жатқан жер тереңдігін айқындап беретін мұндай зерттеулер шет елдерде жүргізілетін еді. Енді соның бәрін өз елімізде жасауға тамаша мүмкіндік туды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының көрме залында белгілі ғалым, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің құжаттық жеке қорының ашылу рәсімі өтті. Құжаттық жеке қорда 1961-2009 жылдар аралығында жазылған 700-ге жуық хаттар жинақталған.
2010 жылы жергілікті уақыт бойынша сағат 19:57-де «Байқоңыр» ғарыш алаңынан «Днепр» зымыран-тасығышы арқылы Еуропалық ғарыш агенттігінің (ЕҒА) «КриоСат-2» ғылыми ғарыш аппараты ұшырылды. «КриоСат-2» ғылыми серігі жаһандық жылынудың полярлық мұздықтарға әсерін бақылауға арналған.
2011 жылы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау салтанаты өтті. Онда Елбасы Қазақстан халқына ант беріп, оған ҚР Президентінің куәлігі табысталды. 2011 жылы Алматыда ел тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Әлемдік қауымдастық таныған Қазақстан» фотокөрмесінің таныстырылымы өтті.
2011 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен Siemens AG ҚР темір жол электрлендіру саласындағы жобаларды іске асыратын бірлескен кәсіпорын құрды.
2011 жылы Байқоңыр қаласында «Инфракос-Экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның химиялық-экологиялық зертханасы таныстырылды.
2017 жылы Халықаралық Түріксой академиясының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі Ыстанбұлда «Түркі әлеміне қызмет еткені үшін» халықаралық сыйлығымен марапатталды
08 сәуір 2020 ж. 432 0