Күн қайта суытады – үш тәулікке арналған ауа райы болжамы
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 2020 жылғы 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.
https://kyzylorda-news.kz/«Еліміздің солтүстігінде жаңбырдың қарға ауысуын және күшті екпінді желдің соғуын тудырған Атлант мұхиты аумағынан келген циклон, ертең 9 сәуірде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбырдың арты қарға ұласуы) әкеледі. Ал циклонды Мәскеу маңынан келетін суық антициклон ығыстырады. Жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді», делінген хабарламада.