Қазақстанның барлық өңірінде күн суытады
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстанның батысы мен солтүстігінде түнгі үсікке себепші болған суық антициклон шығыс бағытқа жылжуда. Алдағы үш тәулікте республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.
Сонымен бірге, Орал аудандарынан кезекті суық фронт ығысып келе жатыр. Соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Күшті екпінді жел тұрып, солтүстік облыстарда жаңбыр жылбысқы қарға ауысады.
Егер өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындайды. Ал жексенбі күні барлық өңірлерде ауа температурасы нормадан 3…8°С төмен болады.