3°С дейін үсік жүреді: Ауа райы болжамы
Республиканың басым бөлігінде алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап."Алдағы үш тәулікте елдің көптеген облысында жаңбыр жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, ауа температурасы нормадан төмен болады. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда 3°С дейін үсік жүреді", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, антициклон әсерінен тек республиканың батысында күн ашық болады. Антициклонның шығысқа таралуына байланысты Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын тоқтайды.










