Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігінің 10 сәуірге арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Өзіңіз көптен бері ұнатып жүрген адам туралы жағымды ақпарат аласыз. Бұл ақпараттың шынайылығына әбден көз жеткізіп алыңыз. Жылдам шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Өз ойыңызды ешкімге айтпаңыз.
Торпақ
Күніңіз айтарлықтай сәтті өтеді. Бірақ ішкі эмоцияңызды еш жасыра алмайсыз. Уайымға беріліп, ешқандай маңыздылығы жоқ болса да, өз шешімдеріңізді үнемі өзгертіп отырасыз. Жақын адамыңыздан көмек сұраңыз. Сізге оның көмегі қажет-ақ.
Егіздер
Өзіңіздің ішкі түйсігіңізге сенсеңіз барлығы жақсы болады. Жұмыста сәттілік серігіңізге айналады. Өзгелердің көмегін күтіп отырмай, барлығын өзіңіз жасаңыз. Сізге барлығы тек өз маңдай термен келетінін ұмытпаңыз.
Шаян
Күннің алғашқы жартысы тыныштықта өтеді. Сондай-ақ өте жемісті болмақ. Бүгін шынайы қызығушылығыңызды тудырған іспен айналысасыз. Қиындықтар туындаса да орта жолдан тастап кетуді құп көрмейсіз.
Арыстан
Жолыңызда көп кедергілер кездессе де, сіз оған еш мойымайсыз. Өзекті мәселелерді шешуге және мақсатқа жетуге мол мүмкіндігіңіз бар. Бұл орайда бұрын сіз көмек көрсеткен жандар қолдау білдіреді.
Бикеш
Жеке жұмыс жасауға қолайлы күн. Ойыңызға жаңа идеялар келіп, оны жүзеге асыруға мүмкіндігіңіз бар. Әлдекіммен серіктес болып жұмыс жасау сізге қиынға соғады. Көбіне сіз жаныңыздағыларды ренжітіп ала бересіз.
Таразы
Сәтті күн. Бүгін кез келген іспен айналысуға болады. Сізге қызықты тапсырмалар беріліп, тың жобаларды игеруге кірісесіз. Жолыңызда кездескен мәселелерге қарамастан қиын тапсырманы оңай орындай аласыз.
Сарышаян
Жұмысқа жеке өміріңізді араластырмаңыз. Сыртыңыздан көпшіліктің бақылап жүргенін ұмытпаңыз. Аздаған болса да қателік жіберіп алмауға тырысыңыз. Жақын таныс емес адамға жан сырыңызды ақтармағаныңыз абзал.
Мерген
Үйіңізге мол табыс келгелі тұр. Бұл табыс маңызды мәселелерді шеше алады. Тек алға қарай ұмтылып, әрекет жасауды ұмытпаңыз. Алдағы күндеріңізді жоспарлап үйреніңіз. Ең болмағанда бір жылға жоспар жасаңыз.
Тауешкі
Эмоцияға берілмеуге тырысыңыз. Жақындарыңызға көп көңіл бөліп, олармен әңгімелесіңіз. Бұрынғы өткен жағдайларды еске алып, отбасындағы мәселелердің шешу жолдарын табуға тырысыңыз.
Суқұйғыш
Таңертең күтпеген жерден мәселе туындайды. Алайда бұл мәселе тез шешімін тауып, күніңіз жақсы өтеді. Жолыңызда кездескен кедергілерге аса қобалжымаңыз, керісінше оларды шешудің жолын қарастырыңыз.
Балықтар
Бұрын бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіңіз. Сонда ғана жұмысыңыз жемісті болады. Бүгін қызықты адамдармен таныс боласыз. Іскерлік әлеміндегі ортаңыз кеңейе түседі.
09 сәуір 2020 ж. 382 0