Сенбі, 11 сәуірге арналған ауа райы болжамы
BAQ.KZ. Сәуірдің 11-і күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен жауын жауып, күн күркірейді. Республиканың кейбір өңірлеріне тұман түседі.
Алматы облысының бірқатар өңірінде түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.
Түркістан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды, Жамбыл облысында күн күркірейді.
Қостанай, Қарағанды, түнде және таң ата Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.