Өміріміз өз қолымызда екенін ұмытпайық

– Сала мамандары барлық қоғамдық орындарда жаппай түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдары және дыбыс күшейткіш құралдары арқылы қаланың 6 жерінде қабылданған шаралар кеңінен насихатталуда. Дегенмен, аудан тұрғындарының бұл шектеулерге немқұрайлы қарайтыны алаңдатады. Мәселен, бүгінде бірқатар тұрғындар көшеде маскалық режимді сақтамауда. Такси қызметіне тыйым салынғанына қарамастан, бұл қызметті жалғастырушылар да толастамай отыр. Бұдан бөлек, қаулы бойынша жеке көліктер қозғалысына кешкі сағат 18:00-ден кейін шектеу қойылғанына қарамастан тәртіпті бұзушылар азаймай тұр, – деді.
Шындығында, қай кеселдің де адамзат баласына тигізген өз әсері болған. Тіпті қайғылы жағдайлардың орын алып жатқанын да естіп жатырмыз. Сол үшін бізге бірлескен істе бейқамдыққа баруға болмайды. «Денсаулық өзімдікі» деп жүре беру де еш қисынға келмейді. Себебі сіз өзіңізбен қоймай, өзгенің де өміріне қауіп төндіруіңіз мүмкін. Сондықтан қай істе болмасын тәртіпке бағыну қайырлы болмақ. Осыны ұғынсақ екен, ағайын!
А.Аманов,
қала тұрғыны.