Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

16 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал
Тоқты
Бір қалыпты, жанға жайлы күн. Өзіңіз қалаған жұмыспен айналыса аласыз. Ескі достарыңызбен бас қосуға қолайлы күн. Сонымен қатар шақырған жерден қалмауға тырысыңыз

Торпақ
Шешімді тез шығара біліңіз. Жұмыста болсын, не болмаса отбасында болсын бастама көтеріп отырғаныңыз дұрыс. Яғни, жаңашылдыққа бет бұрыңыз. Өз күшіңізге сенімді болыңыз.

Егіздер
Сәтті күн. Бүгін сіздің жолыңызда ешқандай мәселе туындамайды. Жұмыс істеуден шаршамайсыз. Қиын тапсырмалардың өзін тез, әрі оңай орындай аласыз. Жеке бастыңыз мәселесінде шешім қабылдауға асықпаңыз.

Шаян
Бүгін бірден маңызды шаруаларды аяқтауға кіріскен жөн, себебі көңіліңізді бөлетін көптеген жайттар болады. Сондықтан алдыңызға мақсат қойып, соған қол жеткізуге тырысыңыз.

Арыстан
Түске дейінгі уақыт сіз үшін табысты болмақ. Қиын тапсырмаларды атқарып, жетістікке жетесіз. Бүгін алдыңызға қандай да бір жоспар құрсаңыз, оны дереу орындау керек. Сонда жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.

Бикеш
Бүгін сіз тік мінезділік танытып, ішкі тұжырымдарыңызды сыртқа шығарасыз. Бірақ шындықты айтамын деп жақындарыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін, сондықтан дөрекілікке жол бермеңіз.

Таразы
Өзгеріс жасауға ұмтыласыз. Өміріңізді жаңа бағытқа бұру үшін барлығына дайынсыз. Түскі уақытта сізді тосынсый күтіп тұр. Ал кешке қарай жақын адамыңыздан жақсы хабар аласыз.

Сарышаян
Маңызды шешім қабылдауға асықпайсыз. Бірақ тез ойланып, бір шешімге келуге тырысыңыз. Уақытты тиімді пайдаланыңыз. Өз ұстанымдарыңыздан бас тартпаңыз. Өз мүддеңізді қорғай біліңіз.

Мерген
Бүгін еңбекқор, белсенді адамдар үшін қолайлы күн екенін ұмытпаңыз. Сондықтан қол қусырып жатқан жөн емес. Бітпеген шаруаларды аяқтап, кешке қарай алаңсыз демалыңыз.

Тауешкі
Бүгін жоспар құрмай әрекет етіңіз. Көптен бері істей алмай жүрген шаруаларды жасайтын кез туды. Ең бастысы тездетіңіз. Егер тығыз шаруалар болмаса, өзіңіз қалаған іспен айналысыңыз.

Суқұйғыш
Бүгін жақын адамыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Мұндай олқылыққа жол бермес үшін күні бойы тек өз шаруаларыңызбен айналысқан жөн. Маңызды шешім қабылдамас бұрын әбден ойланып алыңыз.


Балықтар
Бүгін өзіңізге қажеттіліктеріңіз жайлы ашық айтуыңыз керек. Айналшақтап жүру арқылы ешқандай мәселе шешілмейтінін ұмытпаңыз. Сізді мазалаған ойды ішке бүкпеңіз.
https://kyzylorda-news.kz/
16 сәуір 2020 ж. 283 0