42500 теңге көп көмек болды

Осы орайда халқына осындай мүмкіндіктер жасап жатқан билік басындағы ел азаматтарына алғыс айтқым келеді. Бізге тағайындалған бұл жәрдемақыны алдағы уақытта да аламыз деген ойдамын. Барлығы елемізде болып жатқан коронавирус індетінің алдына алуда жасалып жатқан игі жұмыстар екенін түсінемін. Ел басына түскен мұндай қиын кезеңдер енді қайтып болмасын дейміз.
Д.Өмірбекқызы,
Арал қаласының тұрғыны.