Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аяқ киім қажамас үшін...

Аяқ киім қажамас үшін...

Жаңа аяқ киім алғанда міндетті түрде аяқты қажайтыны бәріміздің жүйкемізді тоздырады. Себебі, ол әлі жұмсарып, кеңімеген, дұрыстап орнықпаған. Ал егер қажаудың алдын алсаңыз, көп қиналмайсыз. Бұл кедергіден арылудың бірнеше жолы бар. Өзіңізге пайдалы деп танығаныңызды жасап көріңіз.
Аяқ киіміңізді кеңейтіңіз:
Қалың шұлықты спиртпен дымқылдап, шұлығыңыз кепкенге дейін киіп жүріңіз. Алдыңғы әдістен спирттің артықшылығы – тез кебуінде. Демек, аяқ киім де тезірек кеңейеді. Есте сақтаңыз, спирт аяқ киімнің түсін өзгертіп жіберуі мүмкін. Ал жұмсақ тері – күдеріден жасалған аяқ киімдер үшін спирттің орнына сыраны пайдаланған дұрыс.
Асығыс жағдайларда балалар кремін (кез келген майлы крем де жарайды) аяғыңызға жағып алыңыз.
Туфлиіңіздің қажайтын тұстарына балауыз немесе сабын жағып қойсаңыз, жүруге ыңғайлы болады. Бұл әдісті қайталап отыру керек.
Аяқ киімді киер алдында қажайтын жерге пластырь жабыстырып алыңыз.
https://aqmeshit-aptalygy.kz/
20 сәуір 2020 ж. 710 0