Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Киім-кешек пен тауарларды зарарасыздандырып тұру керек пе?

Киім-кешек пен тауарларды зарарасыздандырып тұру керек пе?

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин дүкендерден сатып алған азық-түліктер мен басқа да тауарларды зарарсыздандыру керек пе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бекшин бүгінгі күні барлық тауарлар арнайы қаптамада сатылуы тиіс екенін жеткізді.
«Ешнәрсені тазалаудың қажеті жоқ, тауарды тек арнайы қаптамадан шығарсаңыз жеткілікті. Сырт киімдерді балконға қойып, желдетіп тұру қажет. Әрине, біз киімді күн сайын жуып тұра алмаймыз ғой. Арнайы зарасыздандыру құралдары бар. Қазақстанда мұндай құралдардың саны 400-ден асады. Осы құралдарды пайдаланып, заттарды залалсыздандырып тұруға болады. Негізі киімді балконға шығарып тұрсаңыз жетеді», – дейді ол.
Алматының бас санитар дәрігері қала тұрғындарын карантин талаптарын қатаң түрде сақтауға шақырды. Сөзінше, кейбір ата-ананларын қараусыз қалдырып, тіпті, сыртқа ойуға жіберіп жатады. Ол соңғы уақытта Қазақстанда 40 баланың коронавирусқа шалдыққанын сөз етті. 
https://kyzylorda-news.kz/
26 сәуір 2020 ж. 588 0