"Салмағы ауыр болады": Жандарбек Бекшин қолдан жасалған оқулықты алмауға кеңес берді

"Кез келген өнім сияқты оқулықтар да қолдан жасалатынын атап айту қажет. Әдетте, мұндай өнім қаланың базарларында сатылады, бағасы өндірушінің бағасына қарағанда анағұрлым арзан. Пайдаланылған қағаздың сапасы төмен, оның әріптері бұлдырап көрінеді, сондай-ақ оқулықтың салмағы ауыр болады", - деді Жандарбек Бекшин.
Ата-аналар арзан, қолдан жасалған кітаптарды байқаса, бірден арнайы мекемелерге жүгініп, балаңыздың арнайы мөлшерлемеге сәйкес кітаптар оқығанын қадағалаңыз дейді ол. Осылайша қолдан жасаған кітаптардың зияны туралы айтты Бекшин.
"Жыл сайын оқушыларға оқулықтар 1 қыркүйекке қарай беріледі, сондықтан құрметті ата-аналар, салмағы артық кітаптар анықталған жағдайда 74-18-64 телефоны арқылы немесе Комитеттің сайтына хабарлауды сұраймыз", - деді ол.