Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысының жазбасы көңілге медеу сыйлады

Аймақ басшысының жазбасы көңілге медеу сыйлады

Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері көптеген кәсіпкерлердің жұмысы тоқтады. Бұл біз сияқты өз бетінше табыс тауып отырған кәсіпкерлер қауымына айтарлықтай шығын әкелді. Бірақ Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді салықтан босатып, несиелерін тоқтатуды тапсырды. Аталған қолдау біздің жанымызға медеу болды. Ал аймақ басшысының фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасы ел экономикасын қалпына келтіруде кәсіпкерлердің рөлі зор екендігін айтты.Шындығында, еліміздің басынан өткеріп жатқан ауыр кезең кәсіпкерлер қауымына айтарлықтай салқынын тигізді. Күнделікті табысынан айырылып, сауда орындарын жабуға мәжбүр болған олардың тұрмысы тұралап қалды. Дегенмен көптеген кәсіпкерлер елдің жүгін бірге көтерді. Қайырымдылық жасап, жоқ жандарға болысты. Мұқтаждарға көмек қолын созды. Бұл біздің бірлігімізді танытады.Аймақ басшысы ауыр кезеңде жұмылып жұдырық болған жандардың еңбегін ескеріп, соның ішінде кәсіпкерлерді барынша қолдайтынын жеткізді. Карантин режимі біткен соң да ел экономикасын қалпына келтіру үшін кәсіпкерлерді қолдау керектігін баса айтты.Мен 2015 жылдан бері кәсіпкерлікке ден қойып, Жақсықылыш кентінде жастар демалатын тамақтану орталығын ашқан болатынмын. Ол үшін мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант та, жеңілдетілген несие де алдым. Үкіметтің барынша қолдауының арқасында өзімнің кәсібімді дамытып, табысқа жетіп отырған жанмын. Біз мұндай қолдауды жақсы қабылдадық. Осынау сын сағаттағы бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз текті халық екенімізді танытады.
Әсел Бурмаханова,
кәсіпкер.
27 сәуір 2020 ж. 710 0