Қысылтаяңдағы қолдау

Бүгінде еліміз бойынша мыңдаған адам 42500 теңге әлеуметік көмекті алып үлгерді. Осылайша мемлекеттің қамқорлығын сезінуде. Үйіне табыс кірмейтін қаншама отбасыға қысылған шақта зор көмек болды дей аламыз. Одан бөлек мемлекет кәсіпкерлерге де көмекті аяп жатқан жоқ. Шағын және орта бизнес экономиканың күретамыры десек, осындай төтенше жағдайда олардың да шаруасы тоқтап қалғанын жасыра алмаймыз. Сондықтан кәсіпкерлер жағдайын тұрақтандыруға да билік біршама қолдау білдірді. Сонымен қатар коммуналдық төлем үшін тағы да ақша қарастырып отыр. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге акциялар ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіліп жатқанын естідік. Бұның барлығы жалпы халыққа үлкен демеу.
Б.Кеңесов,
Арал қаласының тұрғыны.
Б.Кеңесов,
Арал қаласының тұрғыны.