Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолдауды сезініп келеміз

Қолдауды сезініп келеміз

Еліміз бойынша төтенше жағдай енгізілгелі қалада қайнаған қызу тірлік саябырлаған. Карантин режимінің қатаң талаптары негізінде көптеген жұмыс орындары мен кәсіпкерлік нысандар жұмысын уақытша тоқтата тұруға тура келді. Жағдайға байланысты жұмыс тоқтаған соң, отбасыма кіретін кіріс мөлшері де азайды. Бірақ Үкіметтің көрсетіп жатқан қолдауының арқасында карантин талаптарын орындап, сақтық шараларын барынша бұзбауды міндетім деп білдім. Бірақ осы тұста мемлекет тарапынан жасалған қолдауды айтпай кетуге де болмайды. 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік жәрдемақы үлкен көмек болды. Халықтың мүддесі үшін жасап жатқан ел билігінің мұндай көмегіне алғысым шексіз.
Бұл уақытша қиындықты еңсеретініміз бек кәміл. Ол үшін бізге керегі – сабыр мен бірлік. Бастысы – халқымызда мызғымыс бірлік болса, қауіпті індет саналған коронавирусты да жеңеміз.
Ұ. Бекбашова,
жеке кәсіпкер.
21 сәуір 2020 ж. 637 0