Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бастау-Бизнес»: қолдауды кім сезініп отыр?

«Бастау-Бизнес»: қолдауды кім сезініп отыр?

         Жыл басынан бері аудан жастары, жұмыссыз азаматтар, тұрмысы төмен көп балалы отбасы мү­ше­лері «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» оқу курсын тәмамдап, жобаларын қорғады. Соған сай сертификаттарын алған соң 50 азамат 100 айлық, ал 76 азамат 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз грантқа қол жеткізді. Сондай-ақ жоба­сын қорғаған 74 азаматқа қайтарымсыз грант қара­жатын беру үшін аудандық жұмыспен қамту орта­лы­ғында қаржы көзі межеленіп тұр.
              Мұндай қолдауды азаматтар қалай пайдалануда? Қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болған аза­маттардың бірі, Аманөткел ауылының тұрғыны Алмас Тұралиев:
      – Кім де болса адал еңбек етуге талпына білу керек. Сол үшін өз ыңғайына келер кәсіпке бейім­делген жөн. Талаптансаң еш нәрседен құр қал­майсың. Үкіметтің қолдауын тиімді пайдаланып, ба­лық шаруашылығымен айналысу үшін моторлы қайық сатып алдым. Бүгінде отбасымды жан-жақты қамта­масыз етіп отырмын, – дейді.
26 қазан 2019 ж. 1 001 0