Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұшақпен ұшатын азаматта анықтама болуы керек

Ұшақпен ұшатын азаматта анықтама болуы керек

Kyzylorda-news.kz. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы арасында ұшақпен ұшатын жолаушы қандай шарттарды орындауы керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында бірінші кезеңде күніне 4 рейс жасау жоспарлануда. Оның ішінде екі рейс «Эйр Астана», бір рейс «Флай Арыстан», бір рейс «Скат» компанияларына тиесілі. Олар билет құнын карантинге дейінгі деңгейде ұстау міндетті. Ал жағдай түзелген сайын рейс санын, ұшақ сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады. Әуе тасымалы, көліктегі бас санитралық дәрігер бекіткен күшейтілген санитарлық талаптар арқылы жасалады. Ұшу үшін жолаушыда COVID-19 белгісі жоқ екенін растайтын анықтама болуы керек», – деді Дәурен Абаев «Хабар24» арнасындағы онлайн баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, анықтаманың жарамдылық мерзімі пысықталып жатыр.
«Жолаушыда жеке қорғаныш құралдарын қолданып, маска, қолғап киюі керек. Тиісті қашықтықты сақтауы қажет. Әуежайда және ұшақта күшейтілетін дезинфекция жасалады», – деді ол.
Еске сала кетсек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі мәлімдемесінде айтқан болатын.
Сонымен қатар Үкімет 1 мамырдан бастап елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды.


28 сәуір 2020 ж. 687 0