Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантин: Қызылордада ауызашар беріп, артынан моншада демалған 5 тұрғын жазаланды

Карантин: Қызылордада ауызашар беріп, артынан моншада демалған 5 тұрғын жазаланды

Қызылордада төтенше жағдай кезінде ауызашар ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылды.
26 сәуірде Қызылорда тұрғыны үйінде ауызашар беріп, қаланың әр түпкірінде тұратын достарын шақырған. Олар кешкі астан кейін кездесуді моншада жалғастырады.
«Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимiн бұзу), тәртіп бұзған 5 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс құжаттары сотқа жолданды. Сот шешімімен тәртіп бұзушыларға айыппұл салынды», – делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзушылардың азаймай отырғанын айтты.
https://kyzylorda-news.kz/
01 мамыр 2020 ж. 898 0