Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » 2 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

2 мамыр: Атаулы күндер мен оқиғалар

1944 жылы 2 мамырда ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Рүстем Жанаев дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған. 1994-2004 жылдары Әйтеке би кентіндегі №8 кәсіптік-техникалық мектептің директоры қызметін атқарған. Қазір аудандық оқушылар үйінің директоры қызметін атқарады. Алғашқы жинағы «Мәуелі махаббат» деген атпен 1974 жылы жарық көрген. Р.Жанаевтің «Бақыт босағасы», «Мезгіл махаббаты», «Бір өзіңе», «Сағынып кеттім мен сені», «Жанайқай» атты жыр жинақтары мен проза кітаптары, «Жанқожа батыр» пьесасы бар.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Көкшетау облысының әкімшілік-аумақтық орналасуындағы өзгертулер туралы» Жарлығына сәйкес, Көкшетау облысының Арықбалық, Уәлиханов, Көкшетау, Ленинград, Рузаев, Чистополь, Чкалов аудандары таратылды.

2006 жылы Мойнақ су электр стансасының құрылысы басталды.

1949 жылы КСРО-дағы алғашқы телерепортаж Мәскеудегі «Динамо» стадионынан жүргізілді.

2012 жылы күмістен жасалған 500 теңгелік номиналмен «Бауырсақ» монетасы айналымға шығарылды. Бұл тиын 925 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы - «proоf», таралымы - 4 мың дана.
02 мамыр 2020 ж. 90 0