Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық құтқарушылар дайындықтарын пысықтады

Қызылордалық құтқарушылар дайындықтарын пысықтады

Сыр өңірінде соңғы 3 жылда 74 адам суға кетіп, қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның 25-і бала. Мұндай жағдайлар жазғы шомылу маусымында күрт көбейіп кетуі мүмкін. Сондықтан құтқарушылар қазірден дайындықтарын пысықтап, қайғылы оқиғалардың алдын алуға қамданып жатыр. Құтқарушылар кезекті көмекке ұмтылды. Су ортасында қолын бұлғап, ышқына көмек сұраған адамға дереу жетті. Қайыққа мінгізіп, жағаға жеткізді.
Бұл оқу-жаттығудың шарты. Дегенмен төтенше жағдай мамандары мұндай оқиғамен күн сайын кезігеді. Тіпті суға кеткен адамды бірнеше күн іздейтіні белгілі. Осы ретте сүңгуірлердің де дайындығы пысықталды.
Сағындық Жұбатқанов, құтқарушы-сүңгуір:
– Суға түскен соң әртүлі талдар, бұталар болады. Қараңғы болады. Қолмен іздейсің, өйткені көрінбейді. Иісшілдер де өз міндетін мүлтіксіз орындап шықты. Суға батып, кейін жағалауға шығып қалған адамның мүрдесін іздеп табуға қызметтік иттер көмектеседі. Мамандар моторлы қайықты басқарудың да қатаң қағидалары бар дейді.
Бақыт Ембергенов, өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі ММ бастығының орынбасары:
– Адам қайықтан құлайтындай жағдай болса, кілт адаммен бірге құлаған кезде мотор өшіп қалады. Бізде 2 факті болды, адам аударылғанда балықшы теңізге құлап, қайығы кетіп қалған. Сақтық шараларын сақтамайды. Өткен жылы Қызылорда облысында 26 адам суға кеткен. Оның ішінде 10-ы кәмілеттік жасқа толмаған балалар екен. Ал биыл жыл басынан бері 5 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Көбіне балықшылардың қауіпсіздік ережелерін естен шығаруы салдарынан қайғылы оқиғалар жиілейді.
Омар Бержанов, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:
– Бұл көрсеткіште республика бойынша біздің облысымыз бестікте келе жатыр. Жалпы судағы адамдардың қаза болуы түрінен төтенше жағдайда бірінші орын алуда. Биыл біз жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен, полиция департаменті қызметкерлерімен және көлік инспекциясының қызметкерлерімен Арал теңізін, Сырдария өзені бойын және басқа су айдындарында шаралар жүргіземіз. Теңгерімімізде департаментте 18 бірілігі бар жасақ, 29 жүзу құралдары және қайықтар бар. Жақын күндері Сыр өңірінде күн ысиды. Карантин де көп ұзамай аяқталуы мүмкін. Ал салқын сая іздегендер су жағасына келері анық. Құтқарушылардың ертерек қамдануының бір себебі осы болса керек. Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов Осы категория бойынша: « Алматы маңындағы Құмбел шыңынан адасқан туристер құтқарылды Тағы 10 қазақстандық коронавирус инфекциясынан жазылып шықты »
02 мамыр 2020 ж. 604 0