Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс министрлігі Тоқаевтың жарлығын түсіндіріп берді

Қорғаныс министрлігі Тоқаевтың жарлығын түсіндіріп берді

baq.kz ҚР Қарулы күштері бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Сәкен Жүсіпов әскери қызметке шақыру мерзімін ұзарту тәртібін түсіндірді.

Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы ҚР заңына сәйкес қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігін қолдау мақсатында төтенше жағдай  кезінде 2019 жылдың көктемінде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылды. Запасқа шығарғанға дейін осы әскери қызметшілерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қаржымен және медициналық тұрғыда қамтамасыз ету тәртібі сақталады. Сонымен қатар, барлық өңірде әскерге шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары тоқтатылды. Осыған байланысты мемлекет басшысы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімдерін 2020 жылдың маусымынан тамызына ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды, - дейді Сәкен Жүнісов.
Оның айтуынша, жарлыққа сәйкес азаматтарды әскерге шақырудың бұдан бұрын бекітілген мерзімін осы жылдың маусымынан тамызына дейін ұзарту көзделеді.
Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі. 31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілер запасқа шығару – төтенше жағдай режимі алынған жағдайға, осы жылдың 30 маусымына дейін жүргізілетін болады. Бұл ретте әскери шақыру мен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады. Елеулі өзгеріс болмайды, - деді департамент басшысы.
Айта кетейік, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойған болатын.
04 мамыр 2020 ж. 796 0