Желіде ТЖ режимінің 24 шілдеге дейін ұзаратыны туралы видео пайда болды

Француз парламенті коронавирус пандемиясына байланысты қабылдаған шаралар 24 наурыздан бастап күшіне енген. Бұл режим екі айға қабылданған, яғни, 24 мамырға дейін. 28 сәуірде Франция премьер-министрі Эдуар Филипп 11 мамырда аяқталуы керек болған карантин режимі туралы заң күшін ұзартуды ұсынған.
Қазақстанда төтенше жағдай режимі 16 наурызда жарияланған. Ал 29 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ режиімін 11 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.