Талаптарды орындасақ, бұл кедергіден де өтеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі «Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ» деді. Сондықтан басымыздан өткеріп жатқан күрделі кезең талаптарын бір ауыздан қолдап, оған бағынуымыз керек деп ойлаймын.
Аты жаман індеттің қандай қиындыққа әкеп соғатынын бағамдаған Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде:
–Еліміздегі қазіргі ахуалға байланысты және мемлекеттік комиссияның ұсыныстарын негізге алып, мен төтенше жағдай режимін биылғы 11 мамырға дейін ұзарту туралы Жарлық шығару жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – біз бастан өткеріп жатқан күрделі кезеңнің талабы. Заңға сәйкес11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталады. Елімізді пандемияның шеңгелінен құтқару – бәрімізге ортақ міндет. Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ, – деген болатын.
Президенттің бұл шешімін барша халық бір ауыздан қолдайды деп ойлаймыз. Өз басым барлық талаптармен келісемін. Себебі барлығы – өз болашағым үшін, отбасым мен жақыдарымның амандығы үшін. Біз осындай бірлігіміздің арқасында барлық қиындықты жеңеміз. Мен оған сенімдімін.
көп балалы ана.