Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

kyzylorda-news.kz Қазгидромет 7-9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ауқымды антициклонға байланысты 7-9 мамыр күндері басым бөлігінде аздаған бұлтты және құрғақ ауа райы сақталады. Келесі күндері ауа райын республиканың батыс және оңтүстік өңірлеріне шығатын оңтүстік циклонның жылы секторы қалыптастырады. Осыған орай аспанда бұлттар таралып, жаңбыр, кей жерлерде найзағаймен және екпінді желмен қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Температуралық фон республиканың барлық аумағында жоғарылайды.
06 мамыр 2020 ж. 664 0