Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те аздық етпейді

Ардагерлерге қандай құрмет көрсетсек те аздық етпейді

Мемлекет басшысы «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын бүгін ғаламтор желісінен көрдік. Ардагерлерге және осы Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың ұйымдас­т­ы­рушылық, экономикалық және құқықтық негіздерін айқындайтын аталған Заң 18 баптан тұрады екен. Бұл заңда Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және оған теңестірілген жандарға еліміз тарапынан қандай құрмет, қандай қолдау мен жеңілдіктер көрсетілері айқын белгіленген. Негізі оларға қандай құрмет көрсетсек те аздық етпейді. Себебі олар жастық жігері мен бойындағы қажыр қайратын өз елінің болашағы жолына сарп еткен жандар. Әсіресе жау жасағына қарсы ұрыста ерліктің нақ үлгісін көрсете білген қарт жауынгерлерді қоғам қашан да құрмет тұту керек.
Біз осы бейбіт күнге ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін, жерін қорғаған батыр бабаларымыз бен талай алмағайып заманда бейнеттен бел жазбаған ата-әжелеріміздің арқасында жеттік. Ардагерлерге көрсетілер құрметтің бір белгсі болып табылатын 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол қоған бұл заңы қаншама майдангерлер мен оған теңестірілген өзге де тұлғаларға зор қолдау болды ғой деп ойлаймын.
А. Берсүгірова,
Зейнеткер.
07 мамыр 2020 ж. 602 0